Алматыдағы орта мектептерде 30 мыңнан астам орын тапшы. Кейбір білім мекемелерінің бастауыш сыныбында 40 бала оқиды. Маған хабарлағандай, 173 мектептің сыныбында оқушылардың саны 50-ге дейін өскен. Соңғы бес жыл ішінде 4200 орындық 5 жаңа мектеп салыныпты, яғни жылына бір мектеп. Бұл қанағаттарлықтай көрсеткіш емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы балалар саны тек арта түсетіндігін, сондықтан бүгінен бастап тиісті инфрақұрылымды дайындау керек екенін атап өтті.
«Қаладағы 202 мектептің 21% -ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмысты жандандыруы керек, өйткені ертең бұл мектептер апатты болуы мүмкін. Алматыдағы оқушылардың 5% -на ғана тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл елордаға қарағанда, 10 есе аз. Қаражат тарту мәселесін жедел шешу қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Оның айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – балаларды балабақшамен қамтамасыз ету.
«Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 57 мың бала тұр. Сондықтан МЖӘ тетіктерін қолдана отырып, мектепке дейінгі білім берудің жаңа ұйымдарын енгізу қарқынын едәуір жеделдету қажет», – деп түйіндеді Қ. Тоқаев.