«Ол Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің және орта білім беру мектептерінің ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 1 млн 960 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, БҚО Полиция департаментінің Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінде.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.