Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі – осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Осы мәселеге байланысты Президент Білім және ғылым министрлігі мен Жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді шынайы тұрғыда қолдау керек екенін ескертті.