«Осыған дейін аталған мектебінің директоры Б. Шырымбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. Ол азаматты техникалық персонал ретінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) жұмысқа тұрғызу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған»,- делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Мақтаарал ауданының №2 сотының үкімімен аталған шенеунік пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 4,5 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.