Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, мұндағы мақсат – балалардың бойында көне далалық спортқа бейімділігін жетілдіру.
Алтай қаласындағы мектеп жаттықтырушысы Ма Жунның айтуынша, қар шаңғы спортын ересектерге қарағанда жас жеткіншектер тез игеріп алады екен.
«Қар шаңғы спортын оқушылар, әсіресе, бастауыш мектептегі оқушылар өте жақсы игеруде. Дүйсенбіден жұмаға дейін әр күні түстен кейін 2 сағат сабақ қойдық. Қазір еліміз қар-мұз спортымен шұғылдануды жақсы қолдауда. Сондықтан бұдан кейін оқушылар арнайы қар шаңғы алаңына бармай-ақ, мектеп ауласында да үйрене алатын болады», – дейді жаттықтырушы.