48 жастағы жүргізушіге жеткіншек қызды күштеп Toyota Vista көлігіне отырғызып, оны зорламақшы болған деген айып тағылды. Педофилдің бұл әрекетін 16 жастағы бозбала байқап қалыпты. Ол қыздың жан айқайын естіп, жақын арада тұрған ер азаматты көмекке шақырған. Артынша екеулесіп жатып, олар қызды қылмыскердің құрығынан құтқарып алады.
Арам ойын іске асырмақшы болған ер адам қашып кетіпті, алайда біраз уақыттан соң полиция қолына түскен. Оның 2017 жылы наурыз айында түрмеден босатылғандығы анықталыпты. 2001 жылдан бері ол зорлық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылыпты. Алдағы уақытта қылмыскер 5 жылдан 12 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін.