Home Керекті кеңес Педагог мәртебесі туралы заңның орындалуы қазақстандықтарға тікелей байланысты – сарапшы

Педагог мәртебесі туралы заңның орындалуы қазақстандықтарға тікелей байланысты – сарапшы

0

Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі Майра Амантаева жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңына пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл заң халық, әсіресе білім саласы қызметкерлері көптен күткен шешімдердің бірі болатын. Қазақстан білім саласының кәсіподақтары да бірнеше рет педагогтердің мәртебесі, лайықты жалақысы мәселесін Үкімет мүшелерінің, депутаттардың алдына талай қойған.

«2019 жыл соңында Президентіміз осы заңға қол қойды және заң 10 күн өткен соң күшіне енеді. Әрине, бұл заң бірден мұғалімнің мәртебесін көтере салады деген сөз емес. Жалпы кез келген ҚР заңының орындалу-орындалмауы, өз дәрежесінде болуы Қазақстанның әрбір азаматының іс-әрекетіне байланысты. Екіншіден, мұғалімнің сол заңды қалай қолдануына байланысты болмақ. Ата-аналар қауымы, жергілікті атқару билігі, партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұстаз мәртебесін көтерілуі – ел мәртебесінің көтерілуі деп қараса, әрине заң өз нәтижесін береді», – деді М. Амантаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Аталған заң бойынша, 2020-шы жылы жалақыны 25 пайызға арттырып, 4 жылда еңбекақыны екі есе көбейту жоспарланған.

«Кәсіподақ көшбасшысы ретінде мұғалімдер жалақысын жылма-жыл көтеру мәселесін біңрнеше жылдан бері көтеріп келдік. Енді алдағы 4 жылда еңбекақыны кезең-кезеңімен екі есе арттыру ұсынысы көкейге қонады. Заңдағы тағы бір жаңалық – педагогтердің біліктілік санаты үшін 30-50 пайыз үстемеақы төлеу, оларды өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан қорғау. Жасырын емес, елімізде болып жатқан көптеген жиындарға, сайлауға әр уақытта мұғалімдер жұмсалатын. Сондықтан, мұғалімдер театрларды толтыру, коцерттік залды толтыру, көше сыпырудан арылды. Бұл бап бұрынғы заңда да бар еді, бірақ мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа жеккендерге жауапкершілік көрсетілмеген еді. Енді мұғалімді жұмсағысы келген билік өкілдеріне қолданатын шаралар заңда арнайы көрсетілген», – деді Майра Амантаева.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version