Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов хабарлады. Бұған дейін наурыздағы ҰБТ сынағының еліміздегі төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылғанын жазғанбыз. Және ҰБТ сынағын тапсыру ақылы, яғни 260 теңге тұратын. Енді талапкерлер оны онлайн режімде тегін тапсыра алады.
– 117 мың түлекке арналған жақсы жаңалық: Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастамасын жалғастырып, testcenter.kz сайтымызда Ұлттық бірыңғай тестілеудің онлайн байқау сынақтарын тегін еттік. Бұған қоса, тесттер базасын максималды түрде жаңартып, әр пәннен 70 бірегей нұсқа енгіздік, – деп сүйіншіледі Д.Смағұлов өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында.
Оның мәлімдеуінше, Ұлттық тестілеу орталығы коммерциялық ұйым болғандықтан өзін-өзі қаржыландырады. Өйткені мемлекет басты қажеттіліктерге (жиһаз, компьютерлер және т.б. техникаға), жөндеу жұмыстары немесе оқыту шараларына, сонымен қатар қызметкерлердің қосымша төлемдері мен сыйақыларына бюджет (тек Орталық қызметкерлерінің 50% жалақысы бюджеттен келеді) бөлмейді. Сондықтан тест те ақылы болды. Бірақ еліміздегі төтенше жағдай кезінде талапкерлерге жағдай жасалып, ҰБТ сынағынан өтуге байланысты барлық төлемдер алынып тасталды.
Мен өзімді сынап көргім келеді