Home Керекті кеңес Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың 4 бағытын атады

Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың 4 бағытын атады

0

Қазақстанда мектептерде білім беру 4 бағытта жүргізілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Қашықтан оқытуға келер болсақ, ауыл мектептеріне және шалғайдағы шағын жинақты мектептерде оқитын балаларға қиын болады. Сондықтан ең басты назарды осы мәселеге аударып, тиісті жұмысты бастап кеттік. Жұмыс жалпы қалай жүргізіледі деген сауалға жауап беретін болсақ, 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірінші бағыт – теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп, республикалық 2 телеарна келісімін берді. Ол -»Балапан« мен «Ел арна« телеарнасы. Біз осы телеарналар арқылы сабақтарымызты тиісті кесте бойынша күніне 8 сағат береміз», – деді министр.

Оның атап өтуінше, 4-тоқсанды қамту үшін 3 360 сабақ түсіру керек. Қазіргі уақытта осы сабақтардың 300-ден астамы түсіріліп, дайын болған.

«Әрине, бұл өте күрделі мәселе. Осындай үлкен індет болып жатқанда ұстаздарымыз телеарналарға келіп, тиісті түсірілімге қатысуда. Ұстаздарымыз түсірілімге дайын болмаған. Тележүргізуші ретінде өзін жаңа рөлде сынап жатыр. Сабақтарын дайындап, оны 10-15 минутқа түсінікті әрі бала жалықпайтындай дұрыс форматта беру де үлкен емтихан. Түсірілімге қатысып жатқан ұстаздарға алғыс айтқым келеді», – деді ол.

Министр келесі үлкен бағыт – бұл радио екендігін айтты.

«Біз теледидар сигналы жетпейтін елді мекендерде Қазақ радиосы бар екендігін жақсы білеміз. Қазақ радиосымен де келісімге келдік, радиодан да тиісті кестеге сәйкес сабақ жүргізіледі. Үшінші бағыт – пошта арқылы. Өздеріңіз де білесіздер, бізде 1 200 елді мекен бар. Олар өте шағын елді мекендер, оларда 3, 4, 5 оқушы ғана бар. Оларды мұның алдында күнделікті көлікпен мектепке алып келіп, алып кететінбіз. Біз бұл балаларға да білім беруміз керек. Сондықтан да пошта арқылы да осы жұмысты жүргіземіз», – деді ол.

Еліміздің бас мұғалімі төртінші бағытта интернет жүйесі арқылы сабақ жүргізілетіндігін айтты.

«Жалпы, қысқа уақыттың ішінде бірнеше интернет платформаларын, цифрлық ресрустарды дайындап болдық. Ең бастысы ұстаздарымыз осы цирфлық платформаларды пайдалана білу мәселесіне де үлкен көңіл бөлудеміз. Сондықтан әр мектепте, колледжде, ЖОО-да, білім бөлімдері, басқармаларында осы жұмыс жүргізіліп жатыр»,- деді Асхат Аймағамбетов.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version