Home Жаңалық Биыл елорданың сол жағалауында қанша мектеп салынады

Биыл елорданың сол жағалауында қанша мектеп салынады

0

Елорданың сол жағалауында биыл 4 мемлекеттік мектеп салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов айтты.

Биыл Есіл ауданында 4 мемлекеттік мектеп ашылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2 мектеп 1 қыркүйекке дейін, ал тағы 2-еуі жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы да мектеп салу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Аталған бағдарлама аясында құрылысы жүргізілетін 10 мектептің бесеуі сол жағалауда салынады», – деді ол Facebook-тегі Астананың адалдық алаңы парақшасында өткен онлайн брифинг барысында

Оның атап өтуінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған мектептердің бірі Үркер шағын ауданында, ал қалған 4-еуі Есіл ауданының әр жерінде бой көтереді.

«Олар бірегей, жаңа форматта салынатын болады және 2 мыңға дейінгі аралықта орынға шақталған. Family Village тұрғын үй кешені тұсындағы 1 200 орындық мектепті пайдалануға беріп, жол түсірдік. Ол өткен жылдың қарашасында ашылғанмен көлік қатынауы қиындық туындатқан едік. Сондықтан бұл білім ордасы биыл толыққанды жұмысын бастайды. Сығанақ-Сауран көшелерінің, Қорғалжын тас жолы мен Шыңғыс Айтматов көшесі қиылысындағы мектептерді де биыл салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Саран шағын ауданында да мектеп салынады. Бірақ, нақты мерзімін айта алмаймын. Өкінішке орай, пайдалануға берілу мерзімі созылып барады. Дегенмен, мердігер желтоқсанға қарай бітіретіндігіне уәде беріп отыр», – деді Берік Жәкенов.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version