Home Жаңалық Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

0

«ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», – деді министр.

Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті.

«Біріншіден, Ішкі істер министрлігіне қауіпсіздік шараларын қатамасыз ету, екіншіден, жергілікті атқарушы органдарға барлық ҰБТ өткізу пункттерін тосқауыл таспаларымен, залалсыздандыру туннельдерімен, тепловизорлармен, санитайзерлермен, залалсыздандыру кілемшелерімен, респираторлық маскалармен қамсыздандыру және қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Жалпы, ҰБТ өткізуге арналған дайындық жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Министрлік әкімдіктермен, құқық қорғау органдарымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, тиісті деңгейде ҰБТ-ны өткізуге дайын. Барлық ұйымдастыру жұмыстары бүгінгі күні аяқталуға жақын. Дайындық бар», – деді Асхат Аймағамбетов.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version