Home Жаңалық Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

0

Алматы облысында 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Бұл туралы Қазбілім порталы әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары да атап өткен үшауысымды мектептердің қатарын азайту мақсатында 17 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр.

Қазіргі таңда 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Ал, 300 орынға лайықталған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қалған 13 нысан 2021 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Өңірде 48 білім мекемесі үшауысымды оқыту жүйесімен жұмыс жасайды. Жасалынып жатқан игі істер бұл тығырықтан шығаратын басты құралға айналмақ. Қарашаны қуантатын тағы бір хабар, облыста мұнымен қатар 32 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл аймақ басшылығының білім саласына көп көңіл бөлуіінің жемісі деп таныған абзал.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 6 мектептің құрылысын салу үшін 27,0 млрд. теңге бөлінді. 1500 орындық 6 мектеп 9000 орынды құрайтын үшауысымды 10 мектептің мәселесін шешеді. 2021 жылы аяқталмақ»,- дейді Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова.

 

Жетісу жерінде тозығы жеткен 3 мектеп бар еді. Олардың да реңі қалпына келтірілді. Соның бірі Қарасай ауданы Әйтей ауылында мемлекеттік жекеменшік серіктестігі аясында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды Нысан 2020 жылдың наурызында пайдалануға берілді. Бұл мақсатқа 3,4 млн.теңге қаржы бөлінді.

Екінші, Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық мектеп құрылысы 2020 жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 657,5 млн.теңге қарастырылған.

Үшіншісі, Панфилов ауданы Аққұдық ауылындағы Байбатшаев атындағы 120 орындық мектеп құрылысы. Бұл мақсатта жергілікті қазынадан 831,1 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтіп отыр.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Ынтымақ елді мекенінде 1200 орындық 1 мектеп оқушы орны тапшылығын жою мақсатында салынбақ. Оған 2,9 млрд. теңге бөлінеді. 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.

Айта кетерлігі, облыста 55 білім беру нысанының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұл мақсатқа барлығы 23 918,1 млн. теңге қарастырылды.

Бүгінгі күнде 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, 3 мектеп ауласын, стадионын жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған мектептер 1 қазанға аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұдан өзге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 354 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл мақсатқа 1,4 млрд теңге берілген.

Қазіргі кезде барлық білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 331 мектептің әжетханасы аяқталды, 16 әжетхана 20 қыркүйекке аяқталады деп күтілуде.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version