Home Жаңалық Кез келген қазақстандық ағылшын тілін тегін үйрене алады

Кез келген қазақстандық ағылшын тілін тегін үйрене алады

0

Енді ағылшын тілін тегін үйренуге кез келген кісінің мүмкіндігі бар. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті көпшілікке арналған «KAZGUU.TEA.TALK» атты ашық клубын жария етті. Аталған әлеуметтік жоба қатысушылардың сөйлеу және тәжірибелік ағылшын тілін арттыруға күш салады.

Жобаның оқу әдістемесі коммуникативтік тәсілге негізделген. Қатысушылар лексика мен грамматиканы түпмәтініне қарай пайдаланып,  сөйлеу алдындағы психологиялық кедергілерден құтыла алады. Онда Cambridge University Press, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English сынды сапалы әрі әйгілі оқу бағдарламаларына негізделген әдістемелер қолданылады.

Ұйымдастырушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін оқытушылар құрамының тәжірибесі де өте маңызды екенін айтады. Сабақтар легін әлемнің ең танымал университеттерін (Cambridge University, Newcastle University, Leicester University)  тәмамдаған  халықаралық сертификаттардың (TKT, CELTA, DELTA, TESOL, IELTS және т.б.) иегерлері жүргізеді.

КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры  Анар Ибраеваның айтуынша, бұл бастамаға қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінгендіктен қолға алынып отыр. «Көптеген адамдар ағылшын тілін үйрену барысында өз ойын жеткізуден қорқады. Біздің оқытушылар сөйлеу дағдысын жақсартып, қорқынышты жеңуге көмектеседі. Қазіргі таңда ағылшын тілін білу мүмкіндігіңді арттырып, мансабыңды табысты құруға, әлемнің ең озық оқу орындарында  оқуыңды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ағылшын тілі заманауи ақпараттық ресурстардың бәріне жол ашады, себебі дүниежүзілік маңызы бар кітаптар мен ғылыми мақалалардың көбісі ағылшын тілінде жарық көреді», деді ол.

«KAZGUU.TEA.TALK» онлайн-кездесуіне тіркеу bio: bit.ly/zoomteatalk  сілтемесі арқылы жүзеге асады. Жобаның барлық сабағына қатысқан тыңдаушыларға сертификат табысталады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version