Ақмола облысында білім беру саласына салынған инвестициялар көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтты. Адами капиталды дамыту, маңызды басымдылық болып қалуда. Пандемияға байланысты білім беру саласына инвестициялар көлемі 2 есеге, ал денсаулық сақтау саласына 3,5 есеге артты», – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, орта білім беру жүйесінде мектеп оқушыларын қашықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалды. Осы мәселеде Үкімет үлкен көмек көрсетті, 23 мың компьютер техникасын сатып алуға қаражат бөлінді, олар аз қамтылған отбасылардың балаларына ұсынылды. Жергілікті бюджет есебінен 2,5 мың компьютер сатып алынды.
Әкім үш ауысымдағы мектептер мәселесіне тоқталды. Облыс аумағында осындай 12 мектеп бар. Осы орайда 2020 жылдың соңы мен 2021 жылы бірқатар жаңа мектеп пайдалануға берілетін болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Ақмола облысында 570 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар азық-түлік белдеуі аясында өңірде 41 жоба іске асырылып жатыр.