Home Үздік Мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасады

Мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасады

0

Атырау облысында мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасады, Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Мақат ауданындағы №76 Л.Шахатов орта мектебінің мұғалімі сабынның бірнеше түрін жасап шығарған. Химиялық қоспасыз жасалған сабындар экологиялық тазалығымен ерекшеленеді.

«Гипоаллергенді өнімді күнделікті тұрмыста хош иісті сабын ретінде қолдануға болады. Сабынды жасау кезіндеа табиғи өнімдерді пайдаланамын. Мәселен, лимон денеге балғындық, құрамындағы С дәрумені ағзаға нәр береді. Екінші түрі – ақжелкен қосылған сабын. Оның құрамында көптеген дәрумендер топтамасы бар. Ақжелкенді кептіру арқылы жасалған сабынды жаңа туған нәрестеден бастап, кез келген жастағы адам пайдалана алады. Ал, өнімге қосылатын эфир майы хош иіс береді» дейді Мақат кентіндегі №76 Л.Шахатов орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Марфуға Ағынова.

Жас маман биыл аталған мектепке жұмысқа орналасқан. Бірақ, сабын жасаумен айналысқанына бір жылға жуықтаған.

«Химия – өте қызықты сала. Осындай тұрмыста қолдануатын экологиялық таза өнімдер жасауға баулу арқылы оқушыларды аталған салаға қызықтыруға болады. Сабын жасаудың қыр-сырын толық меңгерген соң оны оқушыларыма үйретуге дайынмын» дейді жас маман Марфуға Ағынова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мектеп оқушысы алоэ өсімдігінен сусабын мен йогурт жасап шығарған еді.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version