Home Ұстаз үні Мемлекеттің білім беру саясаты өздігінен пайда болмайды…

Мемлекеттің білім беру саясаты өздігінен пайда болмайды…

0

Білім беру саясаты – қоғамның талабы мен қажеттілігіне қарай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Оның қамту аясы кешенді сұрақтар аясында жүзеге асады. Атап айтар болсақ, адамзаттық капиталға, оның ішінде білім беру жүйесіне салынған инвестициялар экономика мен қоғам үшін қайтарымды салым. Білім беруді тек әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығындар ретінде ойламай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керек.

Білім беру саласында Қазақстан Республикасының мемлекет­тік саясатын жүзеге асырудың ұйым­дастыру негізі Қазақстан Рес­публикасының 2011-2020 жыл­дарға, қазақстандық білім беруді түрлендірудің жалғасын қам­та­масыз ететін Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды.
Қазіргі таңдағы мемлекеттік мекемелердің барлығындағы өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету. Мектепте мемлекеттік қызметтің тиімді жүргізілуі мек­тептің оқу, әлеуметтік-мәдени шаралар тізбегінде жетекші орын алуларына кепіл болады. Бүгінгі таңда білім беру саласында сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында мектепте іс-шаралар жоспары жасалған. (Құқықтық жаппай оқыту бойынша мектеп жоспарының шеңберіндегі сабақтар, мектеп стенді мен мектеп сайтындағы ақпаратты жаңарту жұмыстары секілді іс-шаралар атқарылып жатыр. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу және қадағалау мақсатында ай сайын аудандық білім бөліміне көрсетілетін қыз­меттердің саны мен сапасы бойынша есеп беріледі. Білім беру ұйым­дарында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» стенді жасалып, ондағы ақпарат үнемі жаңартылып тұрады).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұй­рығына сәйкес мектепте көр­сетілетін мемлекеттік қызмет түрлері мынадай: оқушыларды ­бі­рінші сыныпқа қабылдау; ­бастауыш, негізгі орта, ­жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру; негізгі орта ­(9-сынып), жалпы орта ­(11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, Жергілікті әкімшіліктің қолдауы­мен елді мекенде мектеп болма­ған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру;
Аталған мемлекеттік қызмет түрлері мектебімізде жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. ­Әр­қайсысына жекелей тоқталсақ, «Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі ­бойынша ­2020-2021 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрінің ­«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде мектепішілік бұйрық шықты. 2020 жылдың 1 маусымы – 29 тамызы аралығында түскен өтініш саны – 316, оның ішінде es.e-zhetysu.kz веб-сайтынан 223 өтініш шешімін тапты.
Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына алмайтын балаларды үйден тегін оқытуды ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Мектебімізде биыл ден­саулығына байланысты 11 оқушы үйден оқиды. Оқушылардың ерек­шеліктеріне қарай оларға арнайы тақырыптық-күнтізбелік жоспар жасалды. Әр пән бойынша оқу бағдарламалары, бақылау күнделігі мен сабаққа қатысу дәптерлері және жеке іс құжаттары бар.
Елімізге келген індет салдарынан оқушылардың қашықтан білім алуы үшін әлеуметтік көмекті қажет ететін 209 оқушыға онлайн білім ­алуына жағдай ­жасалып, мектеп тарапынан 104 компьютер қайтарымды, 63 ­ноутбук қайтарымды, 1 ноутбук қайтарымсыз, 4 білімбук, 37 планшет берілді.
Қазіргі таңда қашықтан білім беру жүйесіне көшкендіктен, мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтан көрсетіліп жатыр. Бұл – мектебіміздің заман ағымынан кеш қалмай, қоғам сұранысын қана­ғаттандыра алатын, жаңашыл білім ошағының бірі екенін көрсетеді.
Әр елдің білім беру саясаты қандай болса, ол мемлекеттің білім беру деңгейі және оның нәтижесі, яғни әлеуметтік-экономикалық ­дамуы да сондай болмақ. Мемлекеттің білім беру саясаты өздігінен пайда болмайды, ол мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық, тарихи-мәдени жағдайына сай қалыптасып, түрленеді.

 

Сауле МАХАМБЕТОВА,
«Алмалыбақ орта
мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version