Home Жаңалық Үшінші тоқсанда қандай пәндер дәстүрлі форматта оқытылады

Үшінші тоқсанда қандай пәндер дәстүрлі форматта оқытылады

2

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсаннан бастап ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер дәстүрлі форматта оқытылатынын мәлім етті.

«Үшінші тоқсаннан бастап 9 бен 11-сынып оқушыларының 70 пайызы дәстүрлі форматта оқиды. Әсіресе ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер, сонымен қатар қиындық тудырып отырған пәндер де дәстүрлі форматта оқытылады. Сондықтан бұл мәселе бойынша сабақ кестесіне дейін әдістемелік ұсынымдарды дайындап, бүгін жібереміз. Үшінші тоқсаннан бастап талқыланған тәртіп бойынша жұмыс жүргіземіз», – дейді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында.

Оның айтуынша, гимназиялық, лицейлік компонент бойынша қосымша өтетін сағаттар бар.

«Міне сол сағаттардың негізінде де жалақы төленеді. Сондықтан бұл мәселе бойынша мектептің өздері ақылдасып, тиісті шешім қабылдауына болады. Мұны дұрыс түсініп, ұйымдастыру керек. Колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы бірінші курс студенттері бойынша таяуда нүкте қойылады. Әлі бір ай уақыт бар. Келген ортақ шешім бойынша оқуды ұйымдастырасыздар», – деді ол.

Еске салайық, оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) форматына көшіріледі.

 

 

2 COMMENTS

  1. Барлық сабақтарды барлық оқушыларға оқыту керек. Барлық кафе, ресторан, магазин, базар т.б. жұмыс орындары жұмыс істеп тұр. Білім министрлігімен денсаулық сақтау министрлігінің ойынша барлық ауру мектепте ме. Әлде әдейі білімсіз ұрпақ дайындап жатырма. ҰҚК бұл мәселемен айналысу қажет сияқты.

  2. Саламатсызба құрметті Асхат Аймағамбетов мырза! Мен Аширбаев Нурмахан, математика пәні мұғалімін. Бұл пәнді қашықтықтан оқытуда қай сыныпқа болмасын, оқушыларға ауыр болып жатыр. Осы себептен, “Негізгі пәндерді мектепке оқушыларды карантин режимін сақтай отырып, оқытсақ”-деген ұсынысым бар еді. Сөздің шыны керек, балалардың білімі, болашағы үшін үйге шақыртып, қосымша сабақ беріп оқытудамын.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version