Қазақ елі туралы мультфильм әлем мамандарының таңдайын қақтырды.

Кино шығару саласындағы шетелдік мамандар «Сақ» киностудиясы шығарған толықметражды «Қазақ Елі» анимациялық фильміне қызығушылық білдірді деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазақ елі» мультфильмінің трейлері Кан фестивалінде таныстырылды. Авторлардың айтуынша, фильм Ресей, Германия, АҚШ және БАӘ мамандарының қызығушылығын тудырды. Қазір мультфильм орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылып жатыр.

Айта кету керек, «Қазақ елі» тарихи мультфильмі тұңғыш рет Шымкентте түсіріліп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған болатын. «Сақ» киностудиясы мультфильмді түсіру үшін 2D және 3D-технологиясын пайдаланған.

Ресей, АҚШ және Еуропаның бірнеше елі мультфильмді келер жылдың қаңтарында көрсетуді жоспарлап отыр. Мұны «Қазақ Елі» мультфильмінің трейлерін Кан фестивалінде көрсеткен Тamed reality компаниясының дистрибьюторлары хабарлады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version