«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ |
||
1. |
Б.з.б. 2 млн 600–12 мың жыл | – Ежелгі тас дәуірі. |
2. |
Б.з.б. 2 млн 600–40 мың жыл | – Ерте палеолит. |
3. |
Б.з.б. 2 млн 600–800 мың жыл | – Ерте палеолиттің олдувэй кезеңі. |
4. |
Б.з.б. 800–140 мың жыл | – Ерте палеолиттің ашель кезеңі. |
5. |
Б.з.б. 140–40 мың жыл | – Ерте палеолиттің мустье кезеңі. |
6. |
Б.з.б. 40–12 мың жыл | – Кейінгі палеолит. |
7. |
Б.з.б. 12–5 мың жыл | – Орта тас дәуірі (мезолит). |
8. |
Б.з.б. 5–3 мың жыл | – Жаңа тас дәуірі (неолит). |
9. |
Б.з.б. 2 мың жыл–б. з. б. VIII ғ. | – Қола дәуірі. |
10. |
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасы | – Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгеруі. |
11. |
Б.з.б. VIII ғ.‒б.з. VI ғ. | ‒ Ерте темір дәуірінің хронологиясы. |
12. |
Б.з.б. I мыңжылдық | ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі. |
13. |
Б.з.б. 209 ж. | ‒ Хунну (Ғұндар) державасының құрылуы. |
14. |
Б.з.б. 530 ж. | ‒ Томирис патшайым бастаған сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы. |
15. |
Б.з.б. V‒IV ғғ. | ‒ Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» өмір сүру кезеңі. |
16. | 552 ж. | ‒ Түрік қағанатының құрылуы. |
17. |
704 ж. | ‒ Түргеш қағанатының құрылуы. |
18. |
751 ж. | ‒ Атлах шайқасының болған уақыты. |
19. |
870–950 жж. | – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары. |
20. |
960 ж. | ‒ Исламның Қарахандардың мемлекеттік діні болып жариялануы. |
21. |
973–1050 жж. | – Әбу Райхан әл-Бирунидің өмір сүрген жылдары. |
22. |
XI ғ. басы‒XIII ғ. басы | ‒ Қыпшақ хандығының билік құруы. |
23. |
1021–1075 жж. | – Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдары. |
24. |
1030–1090 жж. | – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдары. |
25. |
1103–1167 жж. | – Қожа Ахмет Йассауидің өмір сүрген жылдары. |
26. |
1465‒1466 жж. | ‒ Қазақ хандығының құрылуы. |
27. |
XVI ғ. басы | ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты. |
28. |
XVI ғ. басы | – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының шығуы. |
29. |
1538‒1580 жж. | ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты. |
30. |
1582‒1598 жж. | ‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты. |
31. |
1598–1628 жж. | – Есім ханның ел билеуі. |
32. |
1628–1652 жж. | – Жәңгір ханның ел билеуі. |
33. |
1643 ж. | ‒ Орбұлақ шайқасы. |
34. |
ХVII ғ. соңы. | ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы. |
35. |
1723 ж. | ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның»
(«Ұлы апат жылдары») басталуы. |
36. |
1726/1728 ж. | ‒ Бұланты шайқасы. |
37. |
1729/1730 ж. | ‒ Аңырақай шайқасы. |
38. |
1731 ж. | – Әбілқайыр хан мен оның жақтастарының Ресейге ант беруі. |
39. |
1771‒1781 жж. | ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары. |
40. |
1783‒1797 жж. | ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. |
41. |
1835–1865 жж. | – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары. |
42. |
1836‒1838 жж. | ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. |
43. |
1837‒1847 жж. | ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. |
44. |
1841 ж. | ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы. |
45. |
1841–1889 жж. | – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары. |
46. |
1845–1904 жж. | – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. |
47. |
1913‒1918 жж. | ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы. |
48. |
1916 ж. | – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс. |
49. |
1917 ж. | – «Алаш» партиясының құрылуы. |
50. |
1917 ж. | ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы. |
51. |
1920 ж. | ‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. |
52. |
ХХ ғ. 20-30 жылдары | ‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық. |
53. |
1920–1940 жж. | – Жаппай саяси қуғын-сүргін. |
54. |
1925 ж. | – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға
көшірілуі. |
55. |
1928 ж. | – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк
педагогикалық институтының ашылуы. |
56. |
1929 ж. | – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына
көшірілуі. |
57. |
1932 ж. | – Сталинге аштыққа байланысты, апаттың көлемі туралы республика қайраткерлерінің хат жазуы. Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев («Бесеудің хаты»). |
58. |
1936 ж. | – Қазақ АКСР-iн одақтық республика етiп қайта құрылуы
(ҚазКСР). |
59. |
1937 ж. | – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. |
60. |
1939 ж. | – Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы. |
61. |
1941–1945 жж. | – Ұлы Отан соғысы. |
62. |
1946 ж. | – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы. |
63. |
1949 ж. | – Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс. |
64. |
1954 ж. | – Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. |
65. |
1956 ж. | – Жалпыға бiрдей мiндеттi жетi жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi. |
66. |
1959 ж. | – Жалпыға бiрдей сегiз жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi. |
67. |
1960–1962, 1964–1986 жж. | – Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы болып қызмет етуi. |
68. |
1961 ж. | – «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы. |
69. |
1978 ж. | – Қазақ КСР Конституциясын қабылдау. |
70. |
1979 ж. | – Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерудің өтуі. |
71. |
1986 ж. | ‒ Желтоқсан оқиғасы. |
72. |
1988 ж. | – Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы. |
73. |
1989 ж. | ‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы. |
74. |
1989 ж. | ‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы. |
75. |
1991 ж. | ‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы. |
76. |
1991 ж. | – Семей ядролық полигонының жабылуы. |
77. |
1991 ж. | ‒ Н. Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы. |
78. |
1991 ж. | ‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы. |
79. |
1992 ж. | ‒ Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі: Ту, Елтаңба және Әнұран. |
80. |
1992 ж. | ‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы. |
81. |
1993 ж. | ‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі. |
82. |
1995 ж. | – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. |
83. |
1995 ж., 30 тамыз | ‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні). |
84. |
1997 ж. | – Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі. |
85. |
2003 ж. | ‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезінің өтуі. |
86. |
2010 ж. | ‒ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. |
87. |
2011 ж. | ‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі. |
88. |
2017 ж. | ‒ Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі. |
89. |
2019 ж. | – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы. |
«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ |
||
Ежелгі дүние тарихы |
||
1. |
Б.з.д. 1792-1750 жж. | – Хаммурапи Вавилон мемлекетінде патшалық етті. |
2. |
Б.з.д. VII ғасыр | – Ассирия ежелгі дүниедегі қуатты әскери мемлекетке айналды. |
3. |
Б.з.д. VI ғасыр | – Парсы патшалығының құрылуы. |
4. |
Б.з.д. 594 ж. | – Солон Афиныда архонт (билеуші) болып сайланды. Солон реформалары. |
5. |
Б.з.д. 519-518 жж. | – І Дарийдің сақтарға қарсы жорығы. |
6. |
Б.з.д. 509 ж. | – Римде республика орнады. |
7. |
Б.з.д. V ғ. | – Афины Ежелгі Грекияда қуатты демократиялық мемлекетке айналды. |
8. |
Б.з.д. IV-III ғғ. | – Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды. |
9. |
Б.з. 395 ж. | – Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді. |
10. |
Б.з. 452 ж. | – Аттила өз әскерімен Солтүстік Италия жеріне басып кірді. |
11. |
Б.з. 476 ж. | – Батыс Рим империясының құлауы. |
Орта ғасырлар тарихы |
||
12. |
481-511 жж. | – Франк мемлекеті мен меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы. |
13. |
532 ж. | – Константинопольдегі «Ника» көтерілісі. |
14. |
570-632 жж. | – Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары. |
15. |
661-750 жж. | – Араб халифатында Омейя әулетінің билік етуі. |
16. |
711-718 жж. | – Арабтардың Испанияны жаулап алуы. |
17. |
882 ж. | – Киев Русі мемлекетінің құрылуы. |
18. |
995-997 жж. | – Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед Хорезмшахтардың біртұтас мемлекетін құрды. |
19. |
1040-1060 жж. | – Тоғрыл-бек Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды. |
20. |
1096-1099 жж. | – Бірінші крест жорығы. |
21. |
1265 ж. | – Ағылшын парламентінің құрылуы. |
22. |
1302 ж. | – Францияда Бас штаттар шақырылды. |
23. |
1337-1453 жж. | – Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс. |
24. |
1380 ж. | – Куликово шайқасы. |
25. |
1382 ж. | – Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы. |
26. |
1453 ж. | – ІІ Мехмед басқарған Осман түріктері Константинопольді басып алуы. |
27. |
1455-1485 жж. | – Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы. |
28. |
1517 ж. | – Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы. |
29. |
1533-1584 жж. | – IV Иванның Ресейде патшалық құруы. |
30. |
1556-1605 жж. | – Ұлы Моғол империясында І Акбардың билік етуі. |
31. |
1558-1603 жж. | – І Елизавета патшайымның Англияда билік етуі. |
32. |
1566 ж. | – Нидерланды буржуазиялық революциясының басталуы. |
33. |
1603 ж. | – Англияда Стюарттар әулетінің билігінің басталуы. |
34. |
1613-1917 жж. | – Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы. |
Жаңа заман |
||
Шығыс Елдері |
||
35. |
1755-1759 жж. | – Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды басып алуы. |
36. |
1774 ж. | – Ресей мен Түркия арасындағы Кучук-Қайнар бітімі. |
37. |
1840-1842 жж. | – Қытайдағы бірінші «апиын соғысы». |
38. |
1856-1860 жж. | – Қытайдағы екінші «апиын соғысы». |
39. |
1858 ж. | – Ресей мен Қытай арасындағы Айгүн шарты. |
40. |
1867-1912 жж. | – Жапониядағы Мэйдзи дәуірі. |
41. |
1878 ж. | – Берлин конгресі. II Абдул-Хамидтің Сербия, Черногория мен Румынияның тәуелсіздігін жариялауы. |
42. |
1904-1905 жж. | – Орыс-жапон соғысы. |
Еуропа және Америка |
||
43. |
1607 ж. | – Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды. |
44. |
1640 ж. | – Англиядағы «қысқа парламент». |
45. |
1653-1658 жж. | – Англиядағы О. Кромвельдің протектораты. |
46. |
1776 ж. | – АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы. |
47. |
1787 ж. | – АҚШ Конституциясының қабылдануы. |
48. |
1789 ж. | – Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы. |
49. |
1789 ж. | – Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясының қабылдануы. |
50. |
1804 ж. | – Наполеон Бонапарттың І Наполеон деген атпен Францияның «императоры» атағын қабылдауы. |
51. |
1812 ж. | – Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы. |
52. |
1813 ж. | – Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы». |
53. |
1823 ж. | – АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы. |
54. |
1861 ж. | – Италия патшалығының құрылуы. |
55. |
1861-1865 жж. | – АҚШ-тағы азамат соғысы |
56. |
1871 ж. | – Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы. |
57. |
1871 ж. | – Париж коммунасы. |
58. |
1882 ж. | – Германия, Австрия-Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы. |
Ресей |
||
59. |
1682-1725 жж. | – І Петрдің патшалық етуі. |
60. |
1700-1721 жж. | – Солтүстік соғыс. |
61. |
1861 ж. | – Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест. |
62. |
1905-1907 жж. | – Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы. |
Қазіргі заман |
||
63. |
1914-1918 жж. | – Бірінші дүниежүзілік соғыс. |
64. |
1917 ж. | – Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан социалистік революциясы |
65. |
1919 ж. | – Париждегі бейбітшілік конференциясы. |
66. |
1921-1922 жж. | – Вашингтон конференциясы. |
67. |
1922 ж. | – КСРО-ның құрылуы. |
68. |
1923 ж. | – Түркия Республикасының құрылуы. |
69. |
1929-1933 жж. | – Әлемдік экономикалық дағдарыс. |
70. |
1933 ж. | – Германияда фашистік диктатураның орнауы. |
71. |
1937 ж. | – Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы. |
72. |
1938 ж. | – Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия арасындағы Мюнхен келісімі. |
73. |
1939 ж. | – Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі мен құпия хаттамасы. |
74. |
1939-1945 жж. | – Екінші дүниежүзілік соғыс. |
75. |
1941 ж. | – Германияның КСРО-ға шабуылы. |
76. |
1942-1943 жж. | – Сталинград шайқасы. |
77. |
1942 ж. | – Әл-Аламейн (Египет) шайқасы. |
78. |
1943 ж. | – Курск шайқасы. |
79. |
1943 ж. | – Тегеран конференциясы. |
80. |
1945 ж. | – ІІ Дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапонияның жеңілуі. |
81. |
1947 ж. | – Трумэн Доктринасы, «Маршалл жоспары». |
82. |
1949 ж. | – НАТО-ның құрылуы. |
83. |
1950-1953 жж. | – Кореядағы соғыс. |
84. |
1955 ж. | – Варшава шартына қол қою. |
85. |
1956 ж. | – Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық. |
86. |
1958 ж. | – Францияда бесінші Республика Конституциясын қабылдау. |
87. |
1961 ж. | – КСРО азаматы Ю.А. Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуы. |
88. |
1962 ж. | – Кариб дағдарысы. |
89. |
1963 ж. | – Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды өткізбеу туралы Мәскеу шарты. |
90. |
1965-1973 жж. | – АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы. |
91. |
1968 ж. | – Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. «Прага көктемі». |
92. |
1971 ж. | – Бангладеш мемлекетінің құрылуы. |
93. |
1975 ж. | – Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Акті. |
94. |
1979 ж. | – Иранда шахқа қарсы революция. |
95. |
1979-1989 жж. | – Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу. |
96. |
1980-1988 жж. | – Ирак-Иран соғысы. |
97. |
1991 ж. | – КСРО-ның ыдырауы. |
98. |
1992 ж. | – Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы. |
99. |
2001 ж. | – Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме. |
100. |
2008 ж. | – Пекин Олимпиадасы. |
Балалардың миын ашыту ғой мынау! Басқа елде біздің тарихымызды осылай оқытады ма?