Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.
Білім беру жүйесі объектілерін кіруді бақылау мен дабыл белгісін берудің тиісті техникалық құралдарымен нығайту бойынша шешімдер әзірленді.
Жастар ортасында зорлық-зомбылық акцияларын насихаттау және оны дайындау белгілерін анықтау мәніне әлеуметтік желілер мен Интернетті мониторингтеу тиімділігін арттыру жолдары айқындалды.
Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету шаралары жетілдірілді.
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.
Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.
Атыс кезінде 8 адам қаза тауып, тағы 21 адам зардап шеккені хабарлаған еді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялаған болатын.