24.11.2024

Оқушылардың мектепке бірқатар затты алып келуіне тыйым енгізіледі

Қазақстанда оқушылардың мектепке бірқатар затты алып келуіне тыйым енгізіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлім етті.

Жылдың басында Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім беру ұйымдарына алып келуге тыйым салынатын заттар мен бұйымдардың тізілімін әзірледі. Тиісті бұйрық Әділет министрлігінің тіркеуінде жатыр. Ол осы айдың ішінде заңды күшіне енеді», – деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.Оның атап өтуінше, мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізіліміне қару-жарақ, пышақ, рогатка, кастеттер және соған ұқсас заттар кіреді.

«Сонымен қатар жарылғыш құрылғы имитаторын, аэрозольды бояуды, пиротехникалық заттарды және газ баллондарын алып келуге тыйым салынады», – деді Мұрат Баймұқашев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА