22.11.2024

Жер бетінде 2 мыңға жуық ұлт, ал, Қазақстанда 15 миллионнан астам ұлт өкілі тұрады екен

Сайтымыздың поштасына төмендегі хат пен сурет келді. Суреттердегі өрескел қателіктерді көрген соң, бұл оқулықтар мектеп бағдарламасында бар екенін тексердік. Хатты өзгертпей басуды және редакция пікірін беруді жөн көрдік.

Құрметті, «Қазбілім» редакциясы!

Сіздердің ұлттың ең басты құндылығы, ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне, жанашыр болып, әр күндеріңізді сүбелі ой айтуға арнап жүргендеріңізге мың алғыс. Бірақ, мен бүгін сіңлімнің оқулығынан мына олқылықты көріп, сіздердің порталдан қолдау болар дедім. Білім министрлігінен арнаулы адамдар осы туралы жауапқа тартылуы, әйтпесе, түсініктеме беруі керек деп санаймын.
Бұл нағыз бармақ басты, көз қыстылардың ел үшін, ұлт үшін, ұрпақ үшін ет жүрегі елжіремейтін, қазақ қаны жоқ, өз еліне өгей ұлына қарағандай қарайтын жемқор, топастардың жасап отырғаны секілді. Бұл деген ел қамын емес, қара басының қамынан аспаған, жемсауларын толтырудан қашпаған білім минисрлігіндегі қара құзғындардың тірлігі.
Қайран, менің тарихым, жауапсыз, ұятсыздардың қолынан жемпір-жемпір болған, жылағым келеді. Қайран, баба тарихымды балаға дұрыс жеткізбей, ұрпақ санасын былғағандардың жазаға тартылмағаны өкінішті. Ұрпақ ұлтсыз, ұятсыз болса, обалы дәл осындай жандарда болады.
Білім министрлігі осы іске жауапты адамдарды жазаға тартып, баспаға, сарапшыға тиісті жаза береді деп күтемін.

Құрметпен: Астана Тұран университеті студенті, Айжамал Кәдірбек

Редакция пікірі

Р.S. Бұл үшінші сыныптың «Әдебиеттік оқу» және «Дүниетану» оқулықтары.
Оқулық жазу дүниедегі ең қиын шаруа екенін білеміз. Бірақ, жауапкершілігі мол жұмыс. Өйткені, ұрпақты ұлтынан жиіркендіретін, қазақ елінің беделі мен ұлтының сапасына тікелей қатысты мұндай қателіктердің, үш қолдан (автор, баспа редакторы, оқулық сараптама орталығы сарапшысы) еленбей, сорақы қалпы кетуі, бұл – қастандыққа біліп тұрып баруы. Бұл қателіктерді көруге бәлендей білім де керек емес деп ойлаймыз.
Дүние тануҚазақстан ұлттары Бірінші масқара: Қазақстан түгілі, жер бетінде 15 миллион ұлт жоқ. Ұлт пен халықтың санын шатастыру оқулық авторының деңгейін, сарапшының «жауапкершілігін» көрсетеді. Ұлттың ұлы құндылығы ұрпақ алдындағы оқулықты осындай «керемет білімділердің» қолына тапсырған сала министрлігінің сапасыз тірлігі ел ертеңіне кесірі тимесін десек, баршамыз қырағы болайық!

әдебиеттік оқуӘйтеке биЕкінші масқара: Әйтеке бидей ұлы тұлғаның өміріне немқұрайлылық қазақ ұлтының тарихын қорлау деп білеміз. Суретке қараған кез-келген жан, тіпті, Әйтеке биді білмейтін бес жасар бала да «атаның суреті» деуі даусыз. Ал, енді суреттегі дана бидің өмір сүрген жылдарын қараңыз. Бұл сонда ұлы тұлғаларды келемеждеу ме, әлде, баланы бабалардан алыстату ма?
Көшеде түкіргенді жауапқа тартатын біздің заңдарымыз ұлт болашағына «түкіргендерге» келгенде неге қауқарсыз?

Құрметті, білім және ғылым министрі, Аслан Сәрінжіпов, бұл оқулықтар сіздің құзырлы орынға келгеніңізше кеткен қателіктер екенін білеміз, алайда, сала тізгіні сізде тұрғанда сапасыз сарапшыларды тезге салады деп үміттенеміз.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

2 COMMENTS

  1. Ахмет Байтұрсынұлының айтқан сөздері (сайттың жоғарғы жағында) өкінішке орай, парақ беттерінде ғана қалуда.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА