22.11.2024

Мектеп директорларын ауыстыру қалай жүргізіледі

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын ауыстыру қалай жүргізілетіндігін түсіндірді.

Кеше, халықпен есеп беру кездесуін өткізген министрге мұғалімдердің бірі: «Ұстаздарды бір аймақтан екінші аймаққа ротациясы жүргізілуде дейді халық. Біз құстар емеспіз ғой, ана жақтан мына жаққа ұшатын. Ол не сонда?», – деп сауал жолдаған болатын.

Осыған орай Асхат Аймағамбетов мұның теріс ақпарат екендігін баса айтып өтті.

«Ротация мұғалімдерге қатысты емес, мектептердің басшылығына, директорларға ғана қатысты тетік. Директорларға қатысты дегеннің өзінде де мысалы бір директорды Петропавлдан Түркістанға жіберу деген емес. Ротация болса да ол бір қаланың ішінде жүргізіледі. Сондықтан бір өңірден екінші өңірге жіберу деген мәселе заңнамамызда көрсетілмеген. Мұғалімдер бойынша ротация мәселесі мүлдем жоқ», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА