22.11.2024

Ақтөбеде білім басқармасының бұрынғы басшысы қызметіне қайта оралмақ болды

Ақтөбе облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Ләззат Оразбаева қызметіне қайта оралмақ болып, сотқа арыз жазды. Сот шағымын қанағаттандырмады.

Облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Ләззат Оразбаева облыс әкімі аппаратын кінәлап, еңбек шартын бұзу жөніндегі өкімді заңсыз деп тану, күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, жалақы мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы арыз түсірді.

Азаматтық іс сотта қаралды. Талап қоюшы жұмыстан босату туралы өтініш жазу кезінде оған басшылық тарапынан қысым көрсетілгендігі, сонымен қатар Білім және ғылым министрінің келісімі болмағаны туралы жазды. Іс материалына сүйенсек, 2021 жылы 17 қаңтарда Ләззат Оразбаева денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату туралы өтініш жазу кезінде қысым көрсетілгенін дәлелдей алмады. Куәгер, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары да бұл фактіні растамады. Заңның талаптарына сәйкес, өтінішті берген күннен бастап бір ай ішінде оны кері қайтарып алуға құқылы. Талапкердің өтініш беру уақыты 2021 жылдың 16 ақпаны күні сағат 18:00-де аяқталады. Ал өтініш әкім аппаратының электронды поштасына 16 ақпан күні сағат 21:45-те түсті.

«Талап қоюшы уақытын өткізіп алған. Ал Білім және ғылым министрінің Л.Оразбаеваны өз еркімен қызметінен кету туралы келісімінің жоқтығы туралы дәлелдерін сот дәрменсіз деп тапты. Осылайша сот еңбек заңнамасы мен талап қоюшының заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы анықталған жоқ деп таныды. Сот шешімімен талап қоюшының арызы қанағаттандырылмады. Шешім заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады Ақтөбе қалалық соттың баспасөз қызметі.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА