22.11.2024

Елордада білім нысандарына берілетін мемлекеттік төлемдер қайта қаралады

Елордада жаңа мектептердің іске қосылуына байланысты білім беру нысандарына берілетін мемлекеттік міндеттеме төлемдері қайта қаралады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нариман Еламанов мәлім етті.

Есіл ауданында жаңа мектептер пайдалануға беріліп, 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастады. Осыған байланысты нысандарды пайдалану мерзімі 66 айдан 60 айға дейін өзгертілді. Тиісінше, мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлем кестесі қайта қаралды», – деді Нариман Еламанов Нұр-Cұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.

Сондай-ақ ,ол мемлекеттік-жеке меншік әрііптестігі аясында салынған нысан құнының төмендеуіне байланысты «№1» ЖШС үнемделген 10,9 млн теңгені бюджетке қайтаратынын айтты.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев елорда көшелерін күтіп ұстау үшін қанша қаражат керек екенін айтқан болатын.

«Келесі жылдан бастап елорда көшелерін орташа деңгейде жөндеуге бөлінетін қаржы лимитін көтеруді сұрап отырмыз. Бұған дейін жыл сайын көшелерді орташа жөндеу жұмысына 5 млрд теңге бөлініп келді, биыл ол сома 8 млрд теңгеге дейін өсті. Енді 2022 жылы бөлінетін қаржы көлемін 10 млрд теңгеге арттыруды сұраймыз. Бұл қаражатқа қаланың 100 көшесін орташа жөндеуге болады», – деді әкімдік өкілі.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА