22.11.2024

Төбесі опырылып қалған мектептің оқушылары қашықтан оқитын болды

Атырауда мектеп-гимназиядағы сабақтың онлайн форматқа ауыстырылуына байланысты түсінік берілді.

Атырау қаласындағы №30 мектеп-гимназияда сабақтың онлайн форматта өтуіне шатырдағы ақау себеп болған.

«Бұл мектеп-гимназия 2002 жылы пайдалануға берілген. Оқу орнының техникалық жағдайын тексеру үшін «Q-Эксперт» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Аталған серіктестіктің берген қорытындысына сәйкес, мектептің шатырында күрделі жөндеуді қажет ететін ақаулар бар. Қазір оқу орнында «Армстронг» қаптама төбесі құлап жатыр. Бірақ, бұл гипс блогы емес. Осы жағдайды ескере отырып, техникалық қорытынды негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалады. Осыған сәйкес шатырға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр» – деп хабарлады Атырау қалалық білім бөлімінен.

Сондай-ақ, бұл жағдайдың оқу процесіне ешқандай әсері болмайтыны, ертең оқушылардың әдеттегі оқу форматына көшетіні нақтыланып жатыр.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА