23.11.2024

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау жүргізіледі. Бүгінгі күні мемлекеттік аттестаттау 81 мектепке дейінгі ұйымда өткізу жоспарланып отыр. Мемлекеттік аттестаттау жаңа форматының ерекшілігі – білім беру ұйымына бармай 5 жылда бір рет өзін өзі бағалау негізінде өткізу», – деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Оның айтуынша, бүгінгі күні 81 мектепке дейінгі ұйымның 77-сінде мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Бірақ, 78 пайызы аттестациядан өтпеді. Аттестатталмаған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басым бөлігі Алматы, Атырау, Солүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

«Мемлекеттік аттестаттау материалын талдау мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын бұзатындығын көрсетіп отыр. СНЫҢ ішінде бағдарламалардыи геру кезінде жас ерекшеліктерін, оқу сабақтарының ұзақтығын сақтамау, топтардың ең төменгі материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жабдықталуының сәйкесссіздігі, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасамау бар», – деді комитет төрағасы.

Гүлзат Көбенованың атап өтуінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қызметтерге ата-аналардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізілген.

«Сауалналарды алдын ала талдау мектепке дейінгі мекемелерде денсаулық сақтаудың қарапайым дағдыларын тисті деңгейде үйретпейтіндігін көрсетті. Мысалы, Түркістан облысында, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында тәрбиешілер балаларды гигиеналық процедураларды өз бетінше орындауға, қауіпсіздік ерекшелерін сақтауға үйретпейді. Мектеп алдындағы балалардың танымдық дағдыларын дамытуда да проблемалар анықталды. Атап айтар болсақ, Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстарында балалардың 16 пайызы оқуға қызығушылық танытпайды. Балалар қалам ұстай алмайды, сурет сала алмайды. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында балалардың 13 пайызында уақыт сияқты қарапайым математикалық ұғым туралы түсінік қалыптаспаған. Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында балалардың 6 пайызында конструктивті дағдылар жоқ, яғни топпен жүмыс істей алмайды. Қостанай, Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан қалалаларында балалардың 4 пайызы ана тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сонымен қатар Ақмола, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының ата-аналары мектепке дейінгі білім беру сапасына қанағаттанбайтындығын атап өтті. Ал Атырау облысында ата-аналардың орнына сауалнаманы балабақша әкімшілігінің толтыруы анықталды», – деді комитет төрағасы.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА