Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде “Балалар жылы” деп жариялады. Бұл туралы ол Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзінде айтты.
Сонымен қатар Президент балаларға ерекше назар аудару керектігін айтты.
Олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сондықтан да келесі жылды “Балалар жылы” деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Ең алдымен, билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.