22.11.2024

120 мыңнан аса адам тегін кәсіптік білім алады

Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында aлғашқылардың бірі болып сөз алған Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова:

«Бүгінде мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілердің 27 пайызында тиісті мамандықтары жоқ. 51 пайызы ғана бүгінге дейін біліктілік санаттарын өзгертті. Со­нымен бірге балабақша деңгейіндегі бір топқа бекітілген тәрбиешілердің жет­кіліксіздігін, яғни олардың жұмысында ауыртпалық бар екенін көріп отырмыз. Осы мәселелерді шешу үшін 2022 жылдан бастап был­тыр бекітілген модельді іске асыру басталады. Оның ішінде бағдар­ламаларды қайта қарастыру, мектепке дейінгі мекемелердің ішіндегі тәр­тіпті, талаптарды біріздендіру қолға алынады», деді.

Министрдің бірінші орынбасары айтқандай, биыл кемі 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курс­тарынан өтеді. Ал мектеп оқушы­ларының білім сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыс­тарында білікті педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асы­ры­лады. Оларға жоғары жалақы коэф­фиценті, баспана жалдау және комму­налдық төлемдер шығындарын өтеу секілді әлеуметтік қолдау көр­сетіледі. Бұл жұмыс аталған аймақ­тарда білім беру сапасы бойынша үл­кен алшақтықты азайтуға бағыт­талған.

«Президенттің тапсырмасына сай колледждерде білім алу бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Биыл 120 мыңнан аса қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл – 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға көп. Сонымен қатар кәсіпорындардың колледждерді шефтік қамқорлыққа алу тәжірибесін дамытып, дуальды білім беруді кеңейту көзделіп отыр», деді Ш.Каринова.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА