Біздің түлектер “Болашақ” бағдарламасымен баратын Ресейдегі ең әйгілі университеттердің Әлемдік рейтингісі төмендегідей.







Әлемде дамыған елдердің алдыңғы ТОП 200-ге енетін универлерінің саны.
Яғни қайсы елдің ғылым-техникасы мықты, қайсы елден үйренеміз деген сөз ғой.
АҚШ 72
Ұлы Британия 19
Германия 13
Қытай 12
Франция 11
Канада 9
Нидерланд 8
Australia 7
Швецария 7
Швеция 6
Италия 4
О Корея 4
Израел 4
Denmark 3
Belgium 3
Норвегия 2
Singapore 2
Brazil 1
Ресей 1
Ал енді СКОПУС базасында 32 мың ғылыми журнал бар екен. Осы Әлемдегі ең мықты 32 мың ғылыми журналдан қайсы елде қаншасы бар екенін көрейік:











Осы ғылыми журналдар рейтингісінде Ресейдегі No1 ғылыми журнал “Eurasian Mining” журналы. Ал осы журнал Әлемдік рейтингте 3944-орында. Ресейдегі No2 ғылыми журнал “CIS Iron and Steel Review” журналы Әлемдік рейтингте 4693-орында. Ал осы журналдардың H-index бір қарап қойыңыз тағы.
Әлемдік рейтингте тіпті алдыңғы 1000-ға кіретін бір журналы жоқ елді, ғылымы дамыған деп айта аламыз ба?
Ғылымның деңгейін бағалайтын тағы бір көрсеткіш – әр елдердің ғылыми H-index-і.
Төменде Ресейдің ғылыми деңгейін басқа дамыған елдермен салыстырып көрейік:
1.
АҚШ 2577

2.
Ұлы Британия 1618

3.
Германия 1429

4.
Канада 1299

5.
Франция 1286

6.
Италия 1135

7.
Нидерланд 1133

8.
Жапон 1118

9.
Аустралия 1113

10
Швецария 1085

11.
Қытай 1010

12.
Испан 1010

.
.
.
.
22.
Ресей 652

Бұдан тыс Ресейден жылына неше мың ғылыми адамдар шетел асып кетіп жатыр. Бұл Ресейдің ғылыми жағыдайын тіпті нашарлатып отыр. 2012 жылы – 14 мың, 2020 жылы 70 мың ғалым Ресейден шетелге кетіпті. Мәскеу мемлекеттік университеті Халықаралық қатынастар орталығының жүргізген зерттеуі бойынша ғалымдардың елден кетуіне айлықтың аздығы (76%), ғылыми жобаны іске асыру мүмкіндігінің жоқтығы (50%) себеп және бір бөлігі ұрпағының болашағы (35%) үшін елден кетеді екен.
Біз ғылыми адамдар саясатпен арласпаймыз, бірақ ғылымды да білмейтін адамдар саясатқа айналдырмау керек.
Жексенбек Тоқтарбайұлы
Химия ғалымдарының докторы (PhD)
Химия ғалымдарының докторы (PhD)
