07.11.2024

ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды оқушы өзімен бірге тығып, жасырып алып келудің пайдасы жоқ

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желілідегі парақшасында ҰБТ-ға оқушы тыйым салынған заттарды өзімен бірге тығып, жасырып алып келудің пайдасы жоқтығын айтты.

“Құрметті қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысушылар!
Тестілеуге тыйым салынған заттарды өздеріңмен бірге тығып, жасырып алып келудің пайдасы жоқ.
🚫Себебі автоматты прокторинг жүйесін ешкім алдай алмайды. Бұл жүйені қолданысқа енгізген уақыттан бастап, Ереже бұзушылардың саны жыл сайын азайып келеді. Алайда, соған қарамастан осы аптада жүргізілген бақылаудың арқасында тәртіп бұзған тестіленушілерден құлаққап, смартфон, ұялы телефон тәркіленді👆
✅Сәйкесінше оларға акт толтырылып, нәтижелері жойылды.
👏Достар, ренжімеңіздер, бірақ талап, ережелер барлығына бірдей. “Dura lex, sed lex”.
🔍Барлық тестілеу пунктерінде бақылау жоғары деңгейде: көшіріп алу мүмкін емес.
‼️Мұны тестіленуші ғана емес, әрбір ата-ана білуі тиіс.
🙌Сондықтан, Сіздерді академиялық адалдықты сақтауға шақырып, өз білімдеріңізге ғана сенуге кеңес беремін”, – деді Руслан Емелбаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА