Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күнімен құттықтады.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында “Қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі – PhD докторы, 28-і – бейіндік докторлар.
Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр.
Жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуаныштымын.
Бүгінде олар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды.
Коронавирус пандемиясымен күрес кезінде ғалым әйелдер аянбай еңбек етті.
Мысалы, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалды.
Ғылымдағы нәзік жандарды халықаралық мерекемен құттықтаймын.
Отандастарымыздың өмірін жақсарту үшін және еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын.” – деп жазды.