22.11.2024

Ақмола облысында 4500 орындық алты мектептің құрылысы жүріп жатыр

Ақмола облысында 2024 жылға дейін үш ауысымды оқыту мәселесін шешу жоспарланып отыр. Осы бағытта өңірде 4 500 орындық алты мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, өңірде «Сапалы білім» ұлттық жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылы Ақмола облысына 10 көрсеткішке қол жеткізу міндеті қойылды, жыл қорытындысы бойынша ол 100 пайыз орындалды.

Ақмола облысының білім беру жүйесінде 1 332 білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 35 946 адам, оның ішінде 23 008 педагог жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды-80,5 пайыз, екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды – 85,1 пайыз, үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды – 100 пайыз қамтитын 599 мектепке дейінгі ұйым (255 балабақша, 344 шағын орталық) жұмыс істейді.

«2021 жылы 784 орынға 14 мектепке дейінгі ұйым ашылды, жұмыс істеп тұрған 15 мектепке дейінгі ұйым 338 орынға кеңейтілді. Барлығы 1 122 орын құрылды. Ағымдағы жылы 1706 орындық жеті балабақшаның құрылысы жалғасуда. Бұл Целиноград ауданының Қоянды және Қараөткел ауылдарында 280 орындық, Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында 140 орындық, Қосшы қаласында 280 орындық, Нұрлы көш кентінде 280 орындық, Көктем шағын ауданында 166 орындық және Көкшетауда сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 280 орындық балабақша»,-деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.

Өңірде 110 балабақша жұмыс істейді.

Қадамдық жоспарға сәйкес, 2021 жылдың басынан бастап екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамтуды ұлғайту үшін 39 балабақша бөбекжайға ауыстырылды.

Облыстың 552 мектебінде 133 мыңнан астам оқушы білім алып жүр. Жалпы білім беретін мектептерде 16 247 педагог жұмыс істейді.

Жоғары білімі бар педагог саны – 13 687 (84,2 пайызы), 10 381 педагог аттестаттаудан жаңа жүйе бойынша өтті (педагог-шебер – 53, педагог-зерттеуші – 2 656, педагог-сарапшы – 4 344 және педагог-модератор 3 328), бұл 63,9 пайызды құрайды.

«Бүгінде облыс мектептерінде 45 750 компьютерлік техника бар. 2020 жылы облыс мектептеріне 29 661 компьютер сатып алынды. Осының барлығы «тоғыз оқушыға бір компьютер» қатынасын «үш оқушыға бір компьютер» деңгейіне дейін жақсартуға мүмкіндік берді. Барлық мектептер интернетке қол жеткізе алады. 205 мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталған», – деп толықтырды В.Гамазов.

Үш ауысымды оқытуды жою шеңберінде 2021 жылы Целиноград ауданы Раздольное ауылында 80 орындық мектеп, Көкшетау қаласы №1 орта мектеп гимназиясында 600 орындық және №4 орта мектепте 360 орындық қосымша оқу корпустары пайдалануға берілді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша үш ауысымда оқытатын жеті мектеп бар. Олар Көкшетау қаласының №17 мектебі, Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылындағы Мартынов негізгі мектебі, Жібек жолы ауылындағы Новоалександров орта мектебі, Қосшы қаласының №1 және №2 орта мектептері, Целиноград ауданының Қаражар мен Шұбар ауылдарындағы мектептер. Үш ауысымдық оқыту мәселесін шешу үшін жалпы 4 500 орындық алты мектеп – Қосшы қаласында 1 200 орындық, Целиноград ауданының Шұбар ауылында 300 орындық, Аршалы ауданының Жібек Жолы және Жалтыркөл ауылдарында 300 орындық, Көкшетау қаласында 1 200 орындық екі мектеп салынуда. Мектептерді іске қосу 2022-2023 жылдарға жоспарланған», – деп түйіндеді В.Гамазов.

Сонымен қатар, Целиноград ауданының Қаражар ауылында 600 орындық мектеп салу үшін жобалық сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптама әзірленуде.

Облыс мектептерінде үш ауысымды оқыту мәселесін 2024 жылға дейін шешу жоспарланған.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА