22.11.2024

Қазақстандық ғалымдар 40-тан астам экологиялық жобаны қолға алды

Қазақстандық ғалымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым қорының қолдауымен 40-тан астам экологиялық жобаны іске асырып жатыр.
Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, ғалымдар жасаған бір ғана жобаның өзінен 336 млн теңге табыс келген.

«Мысалы, Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымдары газ тәрізді қалдықтарға арналған сүзгілерді жасады Мұнай өндіруші кәсіпорындардың объектілерінде осындай сүзгілерді орнату Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарындағы ауаға тасталатын улы газ шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ғылыми әзірлемелерінің арқасында ғалымдардың табысы 336 млн теңгеден асты», – деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ал Инновациялық зерттеулер мен технологиялар институтының ғалымы Майлыби Алдабергенов тағам және ауылшаруашылық қалдықтарынан күрделі қоспадан тұратын құрама жем алу технологиясын іске жасап шығарған.

«Бұл құрама жемдер ақуыздардың, амин қышқылдарының, дәрумендердің, микроэлементтердің және басқа да пайдалы компоненттердің толық жиынтығына ие. Сатудан түскен табыс шамамен 250 млн теңгені құрады», -делінген ресми мәліметте.

Жоба авторының айтуынша, этил спиртін өндіретін кәсіпорындар сыра ашытқысы, спирт бардасы, бидай кебегі, жүзім және алма күнжарасы сияқты өндіріс қалдықтарын қоқысқа тастайды. Алайда, бұл қалдықтарды толыққанды жем алу үшін пайдалануға болады.

Ғалымдар ірі кәсіпорындарға ESG жобасы арқылы экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару мәселелерді бір жолда шешетін мүмкіндік ұсынып отыр.

«Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы пленарлық отырысында ESG – жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын күшейту жағдайындағы инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті. Біз осы бағытта жұмыс жүргіземіз, зерттеушілердің ғылыми әзірлемелерін коммерцияландырамыз. Ғалымдар өндірістік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, экологиялық таза өнім алу, көгалдандыру және баламалы энергия өндіру бойынша жобалар әзірлеп жатыр», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Арын Орсариев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА