22.11.2024

Педагогтарға 1,4 млрд теңгенің кәсіподақ қаражаты қайтарылды – БҒМ

Былтыр білім саласындағы кәсіподақ мүшелерінен заңсыз ұсталған және төленбеген 1,4 млрд теңге қайтарылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

Қазақстанның білім саласында 500 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі жұмыс істейді. Аталмыш салалық кәсіподақ өкілдері өткен жылдың қорытындысын шығарған екен.

«Өткен 2021 жылы еңбек заңнамасының орындалуын қоғамдық бақылау шеңберінде білім кәсіподағы 1 730 тексеру жүргізіді. Оның барысында 2 797 еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды. Оның еңбекақы төлеу бойынша – 783, еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша – 798 және жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимі бойынша – 363 заңсыздық тіркелді. Мүшелік ұйымдар мен салалық кеңестің құқықтық қызметінің көмегімен заңсыз жұмыстан шығарылған 17 қызметкер жұмысқа қайта алынды», – деп азылған ресми мәліметте.

Сондай-ақ, кәсіподақ органдарының талабы бойынша кәсіподақ мүшелеріне 1,4 млрд теңге мөлшерінде заңсыз ұсталған немесе төленбеген ақша қайтарылған.

«Құқықтық мәселелер бойынша 21141 кеңес берілді. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сала ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 8 363 өндірістік кеңес жұмыс істейді.

Техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 3825 тексеру жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде салада жарақаттану көрсеткіші 10-нан 8-ге дейін төмендеді», – деп жазылған министлік ұсынанған мәліметте.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Дұрыс.Енді ол қаражат мұғалімдерге қалай қайтарылады

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА