Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылының аяқталуына байланысты мерекелік жиындар дәстүрлі түрде өтетінін айтты.
«Біздің жоспарымыз бойынша, егер ештеңе өзгермесе, онда мектеп оқушылары 25 мамырда соңғы қоңырауға байланысты жиындарға түгел қатыса алады», деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, соңғы қоңырау барлық мектеп оқушыларына арналған.
Айта кетсек, екі жыл бойы оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар тек 9 және 11-сыныптарға арналып өткізілген болатын.
Ал қалған сынып оқушылары бұндай жиындарға тек онлайн-режимде қатысқан еді.