23.11.2024

Медициналық білім гранттарының саны 5 мыңға дейін көбейтіледі

Медициналық оқу гранттарының саны 5 мыңға дейін көбейтіледі. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенаттың баспасөз алаңында айтты.

«Бүгінгі таңда республикада 70 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді. Бүкіл өңірлерден 3900-ден астам дәрігер керек деген ұсыныс бар. Жылына 6000-нан астам дәрігер, соның ішінде 2000-нан астам көпбейінді дәрігер даярланады. Осы 3900 дәрігердің ішінде 2000-ы — алғашқы медициналық көмек көрсететін учаскелік дәрігерлер. Жалпы практикалық дәрігерлерге сұраныс көп. Олардың жартысынан көбі ауылдық елді мекендерге қажет», – деді ведомство басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.

Министр әсіресе қандай мамандар тапшы екенін атап өтті.

«Сонымен қатар стационарларда жұмыс істейтін анестезиолог, реаниматолог дәрігерлер, акушер-гинеколог дейтін дәрігерлерге, педиатрия саласында неонатологтерге сұраныс көп», – деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ол бұл тапшылықты азайту үшін қандай шаралар қолға алынғанынан ақпар берді.

«Министрлік жыл сайын бюджеттен грантпен оқитындардың санын көбейтіп отыр. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша жыл сайын гранттың саны көтеріліп, 5000-ға дейін жеткізіледі. Қазір оның саны 4500-ден жоғары.

Сонымен бірге әкімдіктер өздері грант бөліп отыр. Кейінгі кезде кейбір медициналық ұйымдар өз емханаларына өз қаражаты есебінен қажет мамандарды резентурада дайындата бастады», – деді министр.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Заңы қабылданды .

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА