23.11.2024

Мектеп түлектері “Алтын белгіні” қалай қоғайды?

«Алтын белгіге» үміткерлер биылдан бастап «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында тапсырады.

Қалған пәндер бойынша емтихандар әдеттегідей өз мектептерінде өтеді.

Шалғай елді мекендердің оқушылары НЗМ базасында емтихан тапсыру үшін көлікпен жеткізіліп, жауапты қызметкерлер оларды жолда алып жүреді.

Еске салайық, былтыр пандемияға қарамастан «Алтын белгі» иеленген түлектер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Оның үстіне басқа аймақтармен салыстырғанда білім сапасы төмен Түркістан облысы көш бастады.

Сондай-ақ бұрын алдын ала өтініш бергендердің саны 10 мыңнан асса, қазір олардың саны 7 мыңға дейін азайған.

Айта кетейік, былтыр мұғалімдердің тамыз кеңесінде «Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен күшейту туралы шешім қабылданған болатын.

Егер түлек немесе оның ата-анасы бір пәнді Назарбаев Зияткерлік мектебінде тапсырғысы келмесе «Алтын белгіден» бас тарту мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда ата-анасы өтініш жазып, оқушы 5 емтиханды да өз мектебінде тапсырады, егер барлық емтиханды 5-ке тапсырса, үздік аттестатқа ие болады.

Еске салайық, «Алтын белгінің» болуы жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім грантын алуға құқық бермейді. Айрықша белгі иегерлері конкурсқа барлық үміткермен жалпы шарттар бойынша қатысады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА