Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күні өткізілді.
2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 43498 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 30958, орыс тілінде – 12540 бітіруші.
Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 2 бітіруші жинады:
– Абдижапар Айғаным Бахытқызы, Алматы қаласы №178 лицейдің бітірушісі, Халықаралық білім беру корпорациясының базасындағы ҰБТӨП-те тестілеуден өткен;
– Марат Асия Жандосқызы, Алматы қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» МҚК бітірушісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасындағы ҰБТӨП-те тестілеуден өткен.
Тестілеу бірінші күні 61 ҰБТӨП-тің, екінші күні 60 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Барлық тестілеу өткізу пункттерінде тестілеу нәтижелері көпшілік назарына уақытында ілініп отырды, тестілеу нәтижесін өңдеу барысында кешіктіру фактілері болған жоқ.
Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болды. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданды.
Мәліметтер «Ұлттық тестілеу орталығынан» алынды