23.11.2024

Биыл жұмысқа кірген 3 мың мұғалімнің қалай қабылданғаны тексеріледі

Биыл жұмысқа кірген 3 100 мұғалімнің қалай қабылданғаны тексеріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарына мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібін 2021 жылдың 19 қарашасында бекіттік. Яғни, сол уақыттан бастап күшіне енді. Біріншіден, әр мектептің, білім басқармасының, білім бөлімінің бастығы осы тәртіпті білуі тиіс. Екіншіден, оны орындау қажет», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Оның дерегінше, жаңа тәртіп бекітілгеннен кейін 3 100 адам жұмысқа қабылданған.

«Осы адамдардың жұмысқа қабылдану тәртібін біздің комитет тексеруі керек, қараймыз. 3 100 адам деген көп емес. Конкурс өткізілді ме? Конкурс нәтижесі ашық қаралып, дұрыс шешім қабылданды ма? Оны тез он күннің ішінде қарап шығуға болады. Үлкен жұмыс емес. Қарағаннан кейін әрбір облыс бойынша ақпарат беріп, қажет болса ауытулар орын алса, онда тиісті шара қабылдауға мүмкіндік болады», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА