23.11.2024

Мектеп директорлары бос жұмыс орындарын жасырып ұстайды- Асхат Аймағамбетов

Мектеп директорлары бос жұмыс орындарын жасырып ұстайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бізде мектепте бар көптеген бос орынды директорлар көрсетпейді. Оны біз жақсы білеміз. Жасырып ұстайды. Тарификация жасаған кезде орын бар деп көрсетіп қояды. Бірақ заң бекіткендей, тиісті органдарға, еңбекпен қамту органдарына көрсетпейді. Ешкімге ашық айтпайсыздар. Қыркүйек айы өткеннен кейін, біраз уақыттан соң «адам келмеді, мұғалім таппадық» деп, сол бар сағаттарды іштегі жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге бөліп бересіздер. Бұл – заңсыздық. Мұндайға заңмен көзделген жауапкершілік, оның ішінде әкімшілік те жауапкершілік бар. Ол бос сағатты бөлген кезде де тәуекел көп және объективті жұмыс жүрмейді. Оны да білеміз», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, бір ставканы 4-5 мұғалімге бөліп беру жағдайлары да кездеседі.

«Сонда қазақ тілі болсын, математика болсын, 1 ставканы, 16 сағатты бес адамға бөліп беруге болады. Бір сыныпта математиканы өткізген кезде екі не үш мұғалім өте ме? Мұндай заңсыздыққа қалай баруға болады? Бірнеше облыста 1,5-2 ставкамен жұмыс істейтін адам көп екен. Бір жағынан қарасақ, 40-50 пайызы 1 ставкадан артық жүктемемен отыр, оның ішінде 10-20 пайызында тіпті жүктеме жоқ. мұны қалай түсінуге болады? Жұмысқа адамдарды біз бекіткен тәртіпті бұзып алатындар болса, онда жауапкершілікке тартамыз. Мақсат – мектептерді білімді, білікті педагогтермен қамтамасыз ету. Мұғалімдерді ашық әрі әділ конкурс арқылы жұмыс алуымыз керек», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Мен математика пәнінің мұғалімімін отбасы жағдайыммен 2019жылы Астана қаласына көшіп келдім,2жыл жұмыс жасамадым,біліктілігімнің санатын растау уақыты 2021жылы өтіп кетті 30 жыл жұмыс өтілім бар.Білімімді көтеру курсын оқуға қатысқым келеді,қалай қатысуға болады.Онсыз сағат бермейді,қазіргі таңда педагог-ассистент(0,25)болып жүрмін.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА