23.11.2024

Үздік педагогтарға 3 млн теңге мен төсбелгі табысталады

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша «Үздік педагог-2022» конкурсына қатысуға 2,6 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өтінім берді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Үздік педагог-2022» конкурсына қатысуға құжат қабылдау жалғасып жатыр. Алғашқы аптада еліміздің әр өңірінен 2,6 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өз өтінімдерін жолдап үлгерді.

Құжат қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. Жеңімпаздар 3 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалімнің әрқайсысы 3 млн теңгеден алған болатын.

«Биыл байқауды цифрландырудың арқасында біз конкурстың үш кезеңіне де қанша мұғалім қатысатынын бақылай аламыз. Бірінші аптада https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында 2 630 мұғалім мен тәрбиеші тіркелді. Биыл байқауға қатысатын әрбір мұғалім сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаудың одан арғы динамикасын, яғни қатысушылардың қай кезеңде екенін, оларға сарапшылар қандай ұпай бергенін бақылай алады», – деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Байқау ережелері туралы қосымша ақпаратты Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан табуға болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА