22.11.2024

Елдегі 710 мектептің тозығы жеткен – министрлік

Қазақстанда тозығы жеткен 710, пайдалану мерзімі 70 жылдан асатын 177 мектеп бар. Мұндай деректерді «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қағидалары мен талаптарын бекіту үшін ашық талқыға шығарылған құжатта Оқу-ағарту министрлігі келтірді.

«Қазіргі қолданыстағы 710 мектептің тозығы жеткен. Пайдалану мерзімі 70 жылдан асатын ғимаратты қолданып отырған 177 мектеп бар. Олардың ішінде 353 мектеп саманнан, 69 мектеп ағаштан, 5 мектеп қамыстан салынған. 147 мектепте үш ауысымдық оқыту жүргізіліп, 33 мектеп апатты деп танылды. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеу барысында үш аусыммен оқитын бірнеше жүз мектеп анықталды.

Мектептер құрылысының биылғы жылдамдығы демографиялық, үрдістің, көші-қонның, оқушы орнының тапшылығының қарқынымен тең келе алмай отыр. 2020 жылдан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін 1 039 775 бала өмірге келді. Соңғы үш жылда бірінші сынып оқушыларының саны 1 160 311 оқушыны құрады. Халықтың көші-қон көлемі 34 пайызға артты. Ал мектеп ғимараттарының тозуы 15 пайызды құрап отыр. Болжам бойынша 2026 жылға қарай оқушы орнының тапшылығы 1,1 млн-ға жетуі мүмкін», – деп көрсетілген құжатта.

Аталған мәселелердің шешімі ретінде Президент «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алуды тапсырды. Жоба нәтижесінде 2026 жылға дейін 800 мың балаға арналған екі аусымдық мектептер салынады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА