22.11.2024

Қақалып қалған балаға алғашқы көмек көрсету жолдары

Баланың барлық іс-әрекетін бақылап отыру оңай емес. Сол себепті кішкентайларыңыздың бір нәрсені жеп, қақалып, шашалып қалатын кездері жиі кездесіп тұрады. Кейде олар өздері жөтеліп, тамағына тұрып қалған затты шығара алады. Ал көп жағдайда сіздің көмегіңізге жүгінеді. Сондықтан бұл мақаланы бала түйіліп қалғанда алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін білмейтін ата-аналарға арнағымыз келіп отыр.

Сәбидің қақалып қалғанын қалай анықтаймыз?

Егер бала жылап, сізді көмекке шақырса, демек оның тыныс алу жолдары ашық деген сөз. Ондай кезде байбалам салып, қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Ал мынадай белгілер пайда бола бастаса, бірден жәрдем көрсетуіңіз керек:

– баланың көздері бақырайып, үрейленсе.

– сәби дұрыс дем ала алмай, жылап, дауысы қарлығып шығып немесе мүлдем шықпаған кезде.

– бала ауызын айқара ашып, сілекейдің бөлініп шығуы көтерілгенде.

– есейіп келе жатқан балалар саусағын бірден ауыздарына салады. Мұндай жағдайда да сақ болыңыз.

Міне, осындай оқиғаларға кез болсаңыз, жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсету жолдарын жасаңыз.

Бір жасқа жетпеген балаларға қалай көмектесеміз?

– баланың қолын жоғары көтеріңіз. Бұл әдіс туралы көп ешкім естімеген шығар. Бір қарағанда өте қарапайым әрі пайдасы жоқ секілді көрінеді.

– баланы етбетімен қолыңызға жатқызып, жауырынынан 5 рет соғыңыз.

– егер бала кішкентай затқа немесе тамаққа қақалып қалса, оны екі аяғанынан ұстап көтеріңіз немесе тілінің түбіне дейін саусағыңызды тығып, құстырыңыз.

Тыныс алу жолына бір нәрсе тұрып қалған кезде:

– оны өзіңізге арқасымен қаратып, ішінен жайлап басыңыз. Содан соң баланы сәл еңкейтіп, арқасынан қағып-қағып жіберіңіз.

– егер қатты зат тұрып қалса, онда баланың бетін жерге қаратып, қолыңызға жатқызасыз. Бірақ басы көкірек қуысынан төмен орналасуы керек. Сосын бос қолыңызбен жауырынының ортасынан ақырын ұрыңыз.

Егер бала тыныс алуын доғарса не істейміз?

– баланы еденге етбетімен жатқызамыз.

– басын аздап артқа қисайтамыз.

– иегін көтереміз.

Егер бұл айтқандарымыз мүлдем көмектеспесе, қолдан дем алдыру тәсілін қолданыңыз. Оның қалай жасалатынын төмендегі видеодан көре аласыздар.

Алдын алу шаралары

Кішкентай бөлшектері көп ойыншықтарды кейінге қалдырыңыз.

Баланың қолына не болса соны ұстатып, аузына салуына жол бермеңіз.

Баланы үстел басында ұқыпты отыруға және көп қылжақтамауға үйретіңіз.

Балаға беретін тағамдарыңызды міндетті түрде үккіштен өткізіңіз. Ал балық пен жеміс-жидектерді сүйектерінен жақсылап тазалап беріңіз.

Біз бұл жазбамызда тек алғашқы көмек көрсету жолдарын ғана айттық. Қандай жағдай болса да жедел жәрдем шақыруды ұмытпаңыз.

 

Жасұлан Исакаев

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА