22.11.2024

Түркістан облысында 300-ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай емес

Түркістан облысында 300 -ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай емес. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек айтты.

«Ұстаздардың жоғары білім туралы дипломдарының дұрыстығын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Онда жұмыс тобы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданындағы 97 білім беру мекемесінің 3477 педагогінің тізімін жолдады», – деді Сәбит Әсілбек.

Нәтижесінде бүгінгі күні 128 мұғалімнің дипломдарының шынайылығы расталмаған. Сондай-ақ сұрау салынған 30-дан астам жоғары оқу орнының тек 15-і ғана жауап берген. Қалғандарынан жауап күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, шет ел дипломдары бар 432 мұғалімнің де дипломдарына тексеру жүргізілген. Онда да біршама заң бұзушылықтар анықталған.

«Білім туралы құжаттарды тану (нострификация) мақсатында білім беру мекемелері қызметкерлерінің жоғары білімі туралы шетелдік дипломдарға Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім саласындағы сапаны бақылау комитетіне хат жолданды. Комитеттің жауап хатына сәйкес 432 мұғалімнің 196-ның Білім туралы құжаттары расталмағаны анықталды. Бұл факт заң талаптарын бұзумен қатар жалған диплом ретінде қабылданады», – дейді Сәбит Әсілбек

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА