22.11.2024

Мектепті күрделі жөндеу кезінде 20 млн теңге жымқырған

Атырау облысында мектепті күрделі жөндеу кезінде 20 млн теңгенің жұмысы атқарылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Досановтың дерегіне сүйенсек, Жылыой ауданында жалған актілерге қол қою арқылы бюджет қаражатын ұрлау тәуекелі анықталған.

«Мәселен, Қосшағыл ауылындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп пен «SCS Инжиниринг» ЖШС күрделі жөндеу жүргізуге жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам 3 шарт жасалды. Тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойды. Ақысы төленді. Алайда, іс жүзінде жұмыс орындалмады. Атап айтқанда, мектеп аумағының қоршауын, ғимараттың ішкі баспалдақ бөлігін бөлшектеу, спорт залдарын, еңбек, кітапхана және асхана үй-жайын жөндеу, цемент құю, гидрооқшаулау, линолеум жабынын, керамикалық плитка төсеу, мектеп-интернат ғимаратының шатырын қоршау, ғимараттың төбесінен су ағызу, кәріз құбырлары, вагон құрылғысы, шатыр жабынына жылу оқшаулағыш, шатырға қоршау орнатылмаған. Қазір жүргізілген аудиторлық тексерістің қорытындысына сәйкес, орындалмаған жөндеу жұмыстарының сомасы 20 260 159 теңгені құрайтыны анықталды», -дейді Ерлан Досанов.

Оның айтуынша, Қосшағыл ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары қаражатты жымқыру қаупінсіз әрі сапалы аяқталуы тиіс.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА