07.11.2024

Атырау қаласындағы мектептер 29 сәуірде офлайн оқуға көшеді

Атырау қаласының мектептері 29 сәуірде офлайн оқуға көшеді.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, алдағы дүйсенбіде мектептердегі сабақ штаттық режимде өтеді.

«Атырау қаласында және оның маңындағы елді мекендерінде Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды. Осыған байланысты 29 сәуірде облыс орталығындағы барлық мектебі офлайн оқыту форматына көшеді», – деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуына қарағанда, оқушылардың кейбірі белгілі себеппен Атырау қаласынан тысқары жерде болуы мүмкін. Сол себептен, олар оқуды онлайн форматта жалғастыра алады.

Мұнайлы шаһардағы білім ордаларында 6037 педагог жұмыс істейді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласындағы мектептерде сабақ онлайн өтетінін хабарлаған едік.

Кейін Атырау облысында 149 мың оқушы жиынтық бағалаудан босатылғанын жазған болатынбыз.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА