22.11.2024

Мектеп түлектеріне «Алтын белгі» қай уақытта табысталады

Оқу-ағарту министрлігі оқу процесін ұйымдастыру және су басқан өңірлердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жалпы су тасыған кезден бастап 45 мыңға жуық бала қауіпсіз жерге көшірілген. 120 мыңнан астам оқушы қашықтан оқу форматына көшті.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Бүгінде эвакуациялық пункттерде болған 5 мыңға жуық баланың оқу процесін жалғастыруына жағдай жасалған. Балаларды сауықтыру орталықтарында 600-ге жуық оқушы, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында 2 мыңға жуық бала, республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында 600-ге жуық бала орналастырылды. Қосымша резерв ретінде балаларға 7000 орын әзірленді.

«Елімізде су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының ұсынысын ескере отырып, 2024 жылғы 24 мамырдағы оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде Бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы шешім қабылданды. Дәстүрлі түрде Бірыңғай сынып сағатының аясында сынып жетекшілері оқушыларымен бірге өткен оқу жылының қорытындысын шығарады. Атап өту керек, аттестаттар тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау емтихандар аяқталғаннан кейін 12-15 – маусым аралығында өтеді», – деді Мереке Амангелдіқызы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА