07.11.2024

Білім саласының бухгалтерлері 34 млн қаржы жымқырыпты

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Жетісу облысының білім саласында әшкереленген сыбайлас жемқорлыққа білім бөлімінде жұмыс істейтін үш бухгалтердің қатысы бары белгілі болып отыр.

«2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған», — делінген хабарламада.

Келтірілген шығын 34 млн теңгені құрап отыр.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА