07.11.2024

Қазақстандық профессор Нобель медаліне ие болды

20140715091115Арқалық пединститутының профессоры Әбілхан Үмбетов өнертапқыштыққа қосқан үлесі үшін А.Нобель атындағы алтын медальмен марапатталды, деп хабарлады Remarka.kz.
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, профессор Әбілхан Үмбетұлы 2012 жылы Қазақстандағы ЖОО-лардың үздік 200 оқытушысының қатарына енген. Осы жылдың басында «Ғылым» аталымында облыстық меценаттар клубы сыйлығының иегері атанды.

Енді қазақстандықтың ғылымға қосқан үлесін халықаралық деңгейде аңғарды. Арқалық тұрғыны Ресей жаратылыстану академиясының сыйлығы – физика саласындағы өнертапқыштықты дамытуда қосқан үлесі үшін Нобельдің алтын медаліне қол жеткізді. «Лазерлік өлшем құрылысы» атты ғылыми зерттеу жұмысы да бұл сыйлықты алуға себеп болды.

Альфред Нобель атындағы медаль Ресей жаратылыстану академиясының атынан үздік ғылыми жұмыстар, жаңалықтар үшін тағайындалады.

inform.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. п роф. Совет-Хан ҒаббасовШілде 25, 2014 at 10:51 тдЖауап
    – “Мәңгілік Ел” болу – құр айғай мен ұрандатқан бос сөз арқылы келмек емес. Осы идеяның Ө З Е Г І мен Д І Ң Г Е Г І не екенін анықтап алып, соны жетілдірудің ТӘСІЛДЕРІ менМЕХАНИЗМІН анықтағанда ғана іске асады. Ал мәңгі ЕЛ болудың д і ң г е гі – АДАМ болған да, оның ө з е г і – ҰРПАҚ екені ақиқат. Халықтың да… Ұлттың да мәңгілік Елге айналудың жалғыз жолы – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – екені ақиқат. Тәрбиелі ҰРПАҚ қана мұратқа жеткізеді. Міне осынау қасиетті де ұлы мақсатқа қосарым, – ” Адам тәрбиесінің жаңа ілімін” – бүкіл ЕЛ – мемлекет болып…қолға алуды ұсынамын. Мұның барлық механизімі мен технологиясын – менің мынандай кітаптарымнан : – “Ізгілік әләппесі” (1991),
    “Халық педагогикасының негіздері” (1995), “Педагогика мен психология негіздері” (2008), “Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі” – (2012), – оқып үйренуге болады. НҰР ОТАН партиясыныңқазіргі іс-әрекеттері мен талпыныстары маған ұнайды. Сондықтан да өтініш жасауды жөн көрдім. Сол үмітіме орай, мен көтеріп жүрген – “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІН” – Бауыржан – балам шақырып өз аузымнан тыңдаса екен. Осы тілегім 9-шы маусым күні Байбек Бауыржан балам арнайы келіп, біздер 2-сағаттай әңгімелестік. ҰРПАҚ – халықтың да… мемлекеттің де келешегі.
    ОСЫ КІТАПТАРДЫ АЛЫП ОҚЫП, ҰРПАҒЫҢДЫ “ЖАН ҚҰМАРЛЫҒЫНА” ЖЕТІЛДІР… иісі Қазақтың баласы !!!…

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА